СҚО-да кедергіге тап болған кәсіпкердің мәселесі шешілді

Негізсіз кедергіге тап болған кәсіпкердің мәселесі шешілді. Ол дайын тұрған жылыжайына бірнеше ай бойы электр тоғын тартуға рұқсат ала алмаған. 

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының амалы таусылған кәсіпкері 24 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне шағымданады. Құзырлы орган мамандары аудандық сәулет бөлімінде жүргізген арнайы жұмыстары нәтижесінде мемлекеттік мекеменің заңсыз әрекеті әшкере болды. Енді іс кәсіпкердің пайдасына шешіліп, жылыжайға электр тоғы берілді.