Елордада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстанның денсаулық сақтау, экономиканы әртараптандыру, сауда және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, әлемдік дағдарыстар төңірегіндегі ұстанымы.

Қазақстан Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев Италия, Түркия, Бельгия, Үндістан, Иран, Пәкістан, Оңтүстік Корея секілді әлемнің түкпір-түкпірінен келген тілшілер үшін бүгін арнайы брифинг өткізіп, осы мәселелер бойынша жауап берді. Басқосуда еліміздегі саяси және экономикалық реформалар жайында мағлұматтар берілді.

10 елдің бұқаралық ақпарат құралының өкілдері еліміздегі саяси және экономикалық реформалар жайында мағлұмат алды. Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев арнайы брифингте Италия, Түркия, Бельгия, Үндістан, Иран, Пәкістан, Оңтүстік Корея және өзге шет мемлекеттен келген тілшілердің сауалдарына жауап берді. Журналистер денсаулық сақтау, экономиканы әртараптандыру, сауда және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, әлемдік дағдарыстар төңірегіндегі Қазақстанның ұстанымы жайында сұрақтар қойды. Әсет Ерғалиев ведомствоның қызметі мен елдегі ауқымды өзгерістер жайына тоқталды.