Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі сатқандар ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция жүргізіп, Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатын ұйымдастырушы мен үш көмекшісін ұстады.

Қылмыстық топ біздің елге аса ірі көлемде синтетикалық есірткі әкеліп сататын тұрақты желі жасақтаған. «Мефедрон» және «альфа-PVP» әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сатылған. Ал есрткіні бір жерге жасырып, алушыға сол координатты меңзеп отырған. Тінту кезінде 103 келі синтетикалық есірткі табылды. Қылмыстық топ бұл заттарды Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларына таратуды көздеген.