СҚО-да 123 адам екі елден зейнетақы алған

Солтүстік Қазақстан облысында 123 адам екі елден зейнетақы алып келген.

Яғни, бұлар қос азаматтық алған. Жалпы мұндай 158 адам анықталды. Көші – қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің айтуынша,  дені Қазақстан мен Ресейде тіркелген.  Қос елдің төлқұжатымен жүргендердің ісін енді сот қарайды. Ал екі елден зейнетақы алып келгендердің 32 –сі мемлекетке келтірген шығынды толық өтеді. Қалғандары сот шешімімен төлейді. Кейбіреуіне қатаң жаза қолданылады.          

Жанат Сағынтай, облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Сотпен 12 адамға қатысты республикадан шығарып жіберу туралы шешім шығарылды. Олар ҚР азаматтығынан айырылды. Осы баптың нормаларын бұзғаны үшін көбінесе 30 – дан және 50 жас аралығындағы адамдар және зейнеткерлер жасындағы адамдар тартылады.