Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайы айыппұл төлейді

Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайы 81 млн теңге айыппұл төлейді. Өйткені монополияға қарсы заң бұзған.

 Атап айтқанда  2018-2019-шы жылдары ішкі әуе жүк тасымалына құятын жанармай бағасын 14%  қымбатқа сатқан. Ал халықаралық жүк таситын ұшақтарға керісінше, 23% арзан берген. Бұл ішкі нарықта тасымалданған тауар бағасының қымбаттауына да себеп болуы мүмкін. Әуежай өкілдері сотта бұл табыстарын инвестиция тартуға жұмсауды көздегендерін айтады. Алайда, құзырлы орган ол жерден де шикілік тапты. 

Таңшолпан Жанабаева, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаментінің басшысы:

- Инвестициялық бағдарламаны берді. Бірақ оның күші жойылған. Өткен жылдарға ол инвестиция. Сондықтан біз оған қарамадық. Айыппұл 50 млн болды, монополиялық табыс 31 млн-ды құрады. Бүгінгі таңда бәрі төленді. Түсіндірме жоқ, тек әуежайдың шығындарын жаптық деп растады.