Ақтөбе облысында жердің тоңы бір метрден асты

Ақтөбе облысының кей аудандарына көктемгі су тасқынынан қауіп бар.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар қызметі өңірдегі өзен-көлдерді көктен бақылаған. Қазір Сазды өзенінің бастауында қардың қалыңдығы 30, Тамды өзенінде 31, Жіңішке өзенінде – 28 сантиметр. Ал жердің тоңы 112 сантиметрге дейін жеткен. Мамандар көктемде күн күрт жылыса, еріген қар суынан қауіп болуы ықтимал деген болжайды. Су жүргенше әуеден бақылау жүргізіледі.