loader


Қарағанды облысында ақсақал Президенттен алғыс хат алды

Қарағанды облысының Ақадыр кентінде тұратын Дәрібай Оспанов Президенттен алғыс хат алды.

Осыдан біраз уақыт бұрын «Хабар 24» арнасындағы «Туған ел» бағдарламасында ақсақал туралы сюжет көрсетілген еді. Ол пауэрлифтингтен әлемнің екі дүркін чемпионы. 74 жасқа келгеніне қарамастан әлі шәкірт тәрбиелеп жүр. Ұлдары Алмас пен Манас, немересі Айтас та әлем чемпионы. Оспановтар әулетінің спорт саласындағы жетістігі әрі қарияның ғибратты ғұмырына тәнті болған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс хат жолдаған. Оны бүгін облыс әкімі табыс етті.

Дәрібай Оспанов, пауэрлифтингтен әлем чемпионы:

- Президентіміз біздің мені замечайтеткеніне өте қуаныштымын. Енді сөз айта алмай тұрмын да, өйткені сондай қуаныштымын. Бұл енді пәлен жылғы еңбегіміз ғой. Алла көрсеткен шығар Президентімізге, шүкір деймін. Біздің семьяның жетістігі 18 рет гимнді ойнаттық дүниежүзіне. Азияда 9 рет, әлем біріншілігінде 9 рет алтын медаль алдық. Общий медальдарымыз, күмісін бәрін санағанда 31 медаль бар.

Сондай-ақ...