Елдегі ата-аналар баласының интернетке тәуелді болғанына алаңдаулы

Елдегі ата-аналар баласының әлеуметтік желі мен интернетке тәуелді болып қалғанына алаңдаулы. Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік сауалнама осылай дейді.

Зерттеуге қарағанда, қазір ата аналардың 40 пайызы жұмысбастылықтан баласымен бірге болуға, оған көңіл бөлуге уақыты жоқ. Әсіресе, ер адамдардың үйде болғанынан түзде болғаны көп. Әйелдердің баламен тұрақты уақыт өткізу көрсеткіші 44, ерлерде бар-жоғы 25 пайыз ғана. Сондай-ақ респонденттердің басым бөлігі әке үшін бала тәрбиесінен гөрі табыс тауып, отбасын материалдық тұрғыдан қолдауды жөн көреді деген пікірде.

Нұрбек Матжани, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Респонденттердің жартысынан көбі 54,1 проценті әелерді бала тәрбиесіне қатысқаннан гөрі отбасына материалдық тұрғыдан қамтамасыз еткені маңызды деп жауап берген. Әрине, отбасы материалдық тұрғыдан жеткілікті болу қажет. Алайда бала тәрбиесіндегі әке рөлі екінші орында қалып қойғанын көріп отырмыз. Сондай-ақ, қоғамда жалғыз басты аналармен қатар жалғыз басты әкелер бар. Оған қоса ерекше, науқас балаларды өсіріп отырған, егде жастағы әкелер бар. Бұл әкелерге психологиялық ақпараттық, әлеуметтік экономикалық көмек қажет деп есептеміз.

Сондай-ақ...