Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілер мектебі ашылады

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілер тапшы. Облыстық басқармалар әлі 80%-ке ғана жасақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан өңірде жас мемлекеттік қызметшілер мектебі ашылды. 1 курсы 3 ай мерзімге жалғасатын орталықтың алғашқы шәкірттері ретінде 12 үміткер іріктеліп алынды. Олар аптасына 3 күн онлайн немесе офлайн форматта тәлім алады. Үміткерлердің арнаулы орта немесе жоғары білімі болуы және жасы 25-тен аспауы шарт. Оқу барысында мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ұстаздары дәріс оқиды.

Мұхтар Сабаев, Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары:

- Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері арнайы мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтетін болады. Әрқайсысы өздерінің мамандықтарына сәйкес. Талығылымдамадан өткеннен кейін түлектерді арнайы тесттен өтуге біз бағыт-бағдар береміз.