Жетісу облысында «Жас құтқарушылар» сыныбы ашылды

Текелі қаласындағы оқушылар алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйреніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрі өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдай кезінде шұғыл шешім қабылдап, дұрыс әрекет етуге машықтанады. Факультатив сабақтар №4 мектепте ашылған кадет сыныбына енгізіліп отыр.«Жас құтқарушылар» қатарына қабылданған 30 жеткіншек ант берді. Оларға арнайы куәлік те табысталды. 4-ші сынып оқушылары енді құтқарушы үлгісіндегі мектеп формасын киетін болады. Бастама облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Білім басқармасы арасындағы келісім негізінде жүзеге асты.

Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі Ақсу ауданында да кадет сыныбы ашылған болатын.

Бауыржан Ізбасаров, облыстық ТЖД бастығы:

- Әр мектепте осындай кадеттер сыныптар ашылуы керек. Себебі бұл оқушылар арасында тәртіпке, адалдыққа, ар-намыс сонымен қатар жалпы адамгершілікке тәрбиелейді.