Наурыздан бастап жастарға жеңілдікпен несие беріледі

Мұны былтырғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған еді.

Қаражат кәсіп бастауға ниетті немесе бизнесін дөңгелеткісі келетін 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарға конкурстық негізде беріледі. Жылдық сыйақы мөлшері 2,5%-тен аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 5 млн теңге. Әрі ол үшін кепіл болуы керек. Бағдарлама 2021-2025-ші жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асады.

Ақмәди Сарбасов, Қр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі:

- ЖАО-мен осы механизм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мерзімі бар. Осы айдың ішінде біз жаңағы Қаржы министрлігімен несиелік келісімге қол қойдырамыз. Келесі айдан бастап бастаймыз.