ШҚО-да су тасқынына қарсы жоғарғы дайындық режимі жарияланды

Шығыс қазақстандық құтқарушылар қырағы отыруы тиіс.

Өңірде су тасқынына қарсы жоғарғы дайындық режимі жарияланды. Су  деңгейі мен тасқын қатері бар аумақтар жиі тексеріледі. Егер су жүрсе жеке құрамда 1700 маман мен 200- ден аста  мотопомпа әзір тұр. Жергілікті атқарушы органдар да жүзу құралдары мен арнайы техникаларын дайындап қойды. Қазірдің өзінде қала мен ауыл- аймақтағы арықтар тазартылып, қамыстары орылған. Айта кетерлігі биыл өлкеде жердің тоңы жұмсақ болғанмен, қар қалың түскен.

Арман Тоқанов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

- Су айдындарында күнделікті мониторинг жүргізіледі, Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 160 мың текше метрден астам қар шығарған.Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар 71  елді мекен бар. 15 елді мекенде қауіп толығымен жойылған, 46-сы да азайтылды.