Digital Almaty форумында қызықты жобалар талқыланды

Қазақстанда Венчурлық капитал және тікелей инвестициялар қауымдастығы құрылды.

Ал осы күзде Алматының өзінде Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың «цифрлық егізін» жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы Digital Almaty форумында айтылды. Биыл жиын «Жаңа болмыстағы цифрлық серіктестік» деген атаумен өтіп жатыр. 

Алматы цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңына айналды. Биыл цифрлық форум 5-ші жыл қатарынан өтіп жатыр. Оған әлемнің 30 елінен IT саласының  өкілдері келіп, өздерінің жобалары мен әзірлемесін таныстырды. Іс тәжірибесімен бөлісті.  

Бағдат Мусин, ҚР  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Бүгінгі форумымызға 20 мың қатысушылар тіркелді. 30-дан артық панельдік сессия жүргізіледі және де бұл жерге венчурлік капиталистер де келді. Барлық түкпір-түкпірден, дүниежүзінен осы жерге келіп осы венчурлік инвестицияны да талқылап жатыр. Қазір енді өзіңіз білесіздер жүйелі түрде ІТ саласын дамыту үшін тек қана оқыту емес, тек қана акселарация емес, оларға көмектесу емес қолдау істеп жатырмыз.

Алматы еліміздің IT индустрияның астанасына айналды. Еліміздегі IT компаниялардың басым бөлігі осында орналасқан. Ақпараттық технологиялардың дамуына қолайлы инфрақұрылым қалыптасқан. 

Бағдат Мусин cондықтан үздік IT мамандарды жинайтын өңірлік хаб құруға мүдделіміз дейді. Мұны қатысушылар да қолдады. Ал Беларусьтан келген Ғылыми зерттеу технопаркінің директоры Дмитрий Макарук инновациялық стартап жобаларды дамыту үшін, ортақ дерекқор қажет, дейді. 

Дмитрий Макарук, ғылыми зерттеу технопаркінің директоры /Беларусь/:

- Бізде ТМД секілді  түрлі ұйымдар бар. Бірақ цифрландыру саласында қабылданған ортақ дүниелер жоқ. Мәселен, мен қазақстандық мамандардың қатерлі ісік ауруының алдын алатын стартапты білем. Егер біздегі осыған ұқсас жобамен ұштастырсақ керемет инновациялық технология пайда болар еді.

Ресейден келген стартап жобаларды дамытушы Мария Майданюк іскерік байланыссыз цифрлық саланың дамымайтындығын айтады. Олар тіпті өздерінде IT қалашық салып тастаған. Форуға 10 компаниясын алып келген.

Мария Майданюк, стартап жобалаларды дамытушы компанияның жетекшіісі /Ресей/:

- Бұл біздің  Қазақстанға екінші рет келуіміз. Астана Хаб орталығымен тұрақты түрде жұмыс істейміз. Біздің мамандарымыз әлемнің әр түкпірінде еңбек етіп жатыр. Қазір әлем тез даму үстінде. Сондықтан, бір толқында болғанымыз жөн. Мұндай форум біз сияқты мамандарға өте қажет.

Бүгінде қазақстандық мамандар да өзгелерден қалып жақтан жоқ. IT нарығы қазірдің өзінде 10 мыңнан астам компаниямен толыққан. Осы секторда 150 мыңнан астам  адам жұмыс істейді. Мысалы, бүгінде көмекке роботтарда келіп жатыр.  

Тамина Темірхан, компанияның дамыту бойынша директоры:

- Қазір ауа райы қандай? Мысалы, мына отель қай жерде орналасқан деп сұрайды. Және де қазірі валюта қандай? Қазір қайда баруға болады? Қай жерге серуенге шығуға боады? Қай жерге музейге баруға болады? Қай жерге барсам болады деп сұраса ол жауап береді.

Форум ертең де жалғасады. Ертең ЕАЭО елдері Үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді. Сондай-ақ ASTANA HUB BATTLE технологиялық марафонының нәтижесі шығып, IT саласының дамуына үлес қосқан мамандар марапатталады. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Валенти Лобанов, Радик Жакупов

Сондай-ақ...