Блокчейн мен криптоқаржының болашағы қандай?

Елдегі энергия тапшылығының негізгі себебі майнинг фермалары емес.

Өйткені «сұр майнингтер» былтыр жабылып, ресми жұмыс істейтін майнингтерге электр қуатын беру уақытша тоқтатылды. Соның нәтижесінде әлемдік майнинг өндірісінің 18 пайызына дейін жеткен біздің елдегі көрсеткіш үш есеге азайған. Алайда қуат тапшылығы сол күйінде қалды. Бұл туралы бүгін бесінші Digital Almaty 2023 форумында айтылды. Қазақстан блокчейн қауымдастығы кеңесінің төрағасы Сапар Ахметовтың айтуынша, майнинг өндірісі әлемдік тренд, болашақ экономикасының бір бөлігі. Сондықтан майнинг саласы бір жолға қойылу керек,-дейді. Оған қоса блокчейн технологиясын дамыту өте маңызды. Заманауи цирфлы жүйе экономика, қаржы, мемлекеттік сатып алу сынды маңызды салалардағы жемқорлықтың алдын алады. 

Сапар Ахметов, Қазақстан блокчейн қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

- Біздің қазіргі бағытымыз тек қана майнингті қолдау емес, блокчейн технологясын қолдау. Блокчейн технологиясы алдағы уақыттарда дүниежүізілік экономикада алатын рөлі өте зор. Біз соған дайын болуымыз керек. Біздің қазіргі басты жұмысымыз сол.