«Отандастар» қоры мен Өзбекстанның «Ватандошлар» қоры ынтымақ меморандумына қол қойды

Біздің елдегі «Отандастар» қоры» мен Өзбекстанның «Ватандошлар» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ол қазақ және өзбек елдерінің  мәдениеті мен дәстүрін дамытуды көздейді. Жиында қор басшылары алға қойған міндеттер мен жоспарларын пысықтап, екі ел арасындағы байланысты арттыру мүмкіндігін талқылады. Сондай-ақ тараптар, бірлескен жобаларды жүзеге асыру – бауырлас ел азаматтарының қарым-қатынасын нығайтатынына сенім білдірді.

Абзал Сапарбекұлы, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті:

- Алдағы уақытта өзбек қазақ ұлттары арасындағы бауырластығын, достығын нығайту бойынша ортақ жобаларды жүргізуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде әртүрлі мәдени, спорттық шаралар. Бұл сайып келгенде екі елдің, Қазақстандағы өзбек, Өзбекстандағы қазақ халықтарының бір-бірін жақын тануына, бір-біріміздің тарихымызды, әдет-ғұрыптарымызды етене тануына алып келеді.

Одилжон Саттаров, «Ватандошлар» қоғамдық қорының төрағасы:

- Бүгін біз үшін маңызды күн. Себебі екі қордың ынтымақтастығын арттыратын меморандумға қол қойдық. Бұл тек қорлардың ғана емес, Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының достастығын нығайтады деп сенемін!