Қаңтар айынан бастап туристерден 5% алым алына бастады

Қаңтар айынан бастап елге келетін шетелдік меймандардан 5% дейін туристік алым алына бастады.

Яғни, өзге елдің азаматы қонақ үйде тұратын әр күні үшін тиісті мөлшерде қосымша ақша төлейді. Мәдениет және спорт министрлігіндегілердің пайымынша бұл жаңашылдық туризм саласына аса қажетті инфрақұрылымдарды дамытуға септігін тигізеді.

Қазақстанның жұрт тәмсанатын көрікті аймақтары көп. Енді бұл жерлерде туристер үшін қажетті инфрақұрылымды дамыту маңызды. Ол үшін әрине қыруар қаражат керек. Бұны мәдениет және спорт министрлігі туристік алымдарды енгізу арқылы шешпек ойда. Себебі, елге ағылған шетелдік меймандардың саны жыл сайын арта түсуде.

Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі ақмола облысы:

- 2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өсіп, жалпы саны 610 мың адамға жетті. Қызметтер экспортында оң динамика байқалады. Ол 2022 жылы 1,6 млрд долларға дейін өсті.

Туристік алымдар әр шетелдік мейман үшін 5 пайызға дейін алынады.  Бұл жаңашылдық биыл қаңтар айынан бастап жұмыс істеп тұр. 30-ға жуық елді мекеннің мәслихаттары тиісті құжатты қабылдап үлгерген екен. Алайда бизнес қауымдастық бұл істе асығыс шешім қабылданды деген пікірде. «Өйткені бір жүйеге реттелген механизм жоқ», – дейді қонақ үй өкілдері.

Мейіржан Жанғожин, қонақ үй кешенінің комерциялық бөлімінің жетекшісі:

- Келген туристерден біз тұру құнынан 5% жарна ұстап қалып жатырмыз қазір. Бірақ, біз ертең мемлекеттік қызмет органдарына қалай отчет тапсырамыз, ол туралы бізге әлі түсініксіз, қандай мөлшерлеме бойынша. Біз ол 5 пайыздан тағы да салық төлеу қаупіміз бар.

Қонақ үй бар және гостевой дом дейді, қонақжай үй деген бар. Мысалы 3 жұлдызды қонақ үйлер қонақ үй статусынан айырылып, осы жарнаны төлемеуі үшін және қонақтарын алып қалу үшін, қонақ үй статусынан айырылып, қонақ жай үй болу қалуғада дайын тұр.

Өйткені 5% дейінгі алым күн сайын қонақ үйде тұратын әр шетелдік турист үшін алынады. Тағы бір түсініксіз тұсы – ол мемлекеттік деңгейде келетін делегацияларға қатысты болып отыр екен. «Бір жағынан жұмыс бабымен елге ат басын бұрды, бір жағынан бұларда шетелдік меймандар ғой», – дейді қонақ үй өкілдері.

Мейіржан Жанғожин, қонақ үй кешенінің комерциялық бөлімінің жетекшісі:

- Ол кісілер іскерлік туристер қатарына кіруі мүмкін. Сондықтанда біз қазір жаппай кіріп жатқан туристерден, іскерлік болсын, жұмыс бабымен барлығынан туристік жарна алуымыз керек болып тұр. Алып жатырмыз да. Тыйым жоқ. Нақты тетік жоқ.

Жалпы bed tax деп аталған туристік алым шет елдерде кеңінен тараған. Төлем түрлері Түркия, Ресей, Өзбекстан сынды мемлекеттерде бар. Қазақстанда бұл алым 2018 жылдан бері талқыланып келген. Жаңашылдықты енгізуге коронавирус пандемиясы кедергі болды. Енді соңғы 2 жылда туристердің ағыны пандемияға дейінгі кезеңмен теңесті – дейді, жауаптылар. Бірақ, бизнес өкілдері туристік алымды әлі де болса 1 жылға кейінге шегеру қажет деген пікірде.

Дәмиля Құнанова, «Атамекен» ҰКП Туризмді дамыту департаментінің басқарушы директоры астана:

- Бизнес бұл туристік алымға қарсы емес. Керісінше жаңашылдықты құба-құп көреді. Бірақ, шикі тұстары көп. Сондықтан биыл ел бойынша нөлдік ставка бекітіп, Астана мен Алматы қалаларында пилоттық режимде ғана жүргізуді ұсынып отырмыз. Өйткені бұл туристік алым түбіртекте қалай көрсетілетінінде білмейміз. Ертең бизнеске қатысты салық органдарынан көптеген сұрақтар туындайды. Сол себепті 2024 жылға дейін мораторий жариялау керек.

Ал мәдениет және спорт министрлігі болса, туристік алым саланың ары қарай жылдам дамуы үшін аса қажет деп отыр. Тиісті инфрақұрылым салу үшін қосымша қаржы қажет. Сондықтан жыл сайын кейінге шегере бермей, нақты іске кірісу керек деп отыр.

Ержан Еркінбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

- Bed tax туристік инфрақұрылымдарды салу үшін қосымша қаржы береді. Болжам бойынша 2023 жылдың қорытындысында аймақтарда кем дегенде 2,5 млрд теңге ақша жиналады. Олардың мониторингінің тиімділігі үшін бюджетте жеке код әзірленді. Яғни, бюджетке қандай көлемдегі нақты туристік алымнан тсүкен қарже келгенін көруге болады. Бастаған істі ортасынан тоқтату дұрыс емес деп есептейміз. Бірақ, өзгерістер мен ұсыныстар енгізу жағын қарастыруға дайынбыз.

Жалпы министрліктің айтуынша, алдағы уақытта елге келетін шетелдік туристердің санын 4 млн-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Авторлары: Риат Шони, Нұрғали Мамырбаев