loader


Оралда 20 отбасы баспаналы болды

Оралда 19-ғасырда бой көтерген 4 пәтерлі ескі үй сүріліп, орнына жаңа баспана салынды. Жоба реновация бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 

Нәтижесінде 20 отбасы баспаналы болды. Соның ішінде ескі үйді паналап келген төрт отбасыға пәтерлер бұрынғы шаршы метріне сай тегін берілді. Әлеуметтік жоба жасалғанға дейін шаһарда 52 апатты үй болған екен. Соңғы екі жылда олардың орнына 10 көппәтерлі баспана бой көтерген. Тағы 8 үй сүріліп, жаңа нысандардың құрылысы жүріп жатыр.

Әлзипа Әмірова, қала тұрғыны:

- 57,7 шаршы метр болды бұрын біздерде. Ал қазір 60. Тегін, орнына берді.

Шынар Дәубатырова, қалалық ТКШ бөлімінің маманы:

- Бұрында қосқабатты, төртпәтерлі үй болды. Соның орнына алып жатыр. Қалғандары застройщиктермен өздері келісім бойынша сатып алады. Сносқа жіберіліп жатқан үйлер де бар әлі. Жұмыс жүріп жатыр. Болашақта әлі жұмыстар көп.

Сондай-ақ...