Арыс қаласындағы жағдай тұрақты

Арыс қаласы мен оның айналасындағы елдімекендерде жағдай тұрақты.

Тасқынды алдын алуға қатысты тиісті шаралар жасалып жатыр. Бұл жөнінде Арыс қаласының әкімі бізге телефон арқылы хабарлады. Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, аталған жұмыстарға жергілікті тұрғындар да белсенді атсалысып жатыр.