Елімізде мерзімді әскери қызметке шақыру басталады. Бүгін тиісті жарлыққа Президент қол қойды.
Армия қатарына шақыру екі мезгілде жүреді. Көктемде наурыз-маусым айларында және қыркүйек-желтоқсан аралығында ел азаматтары отан алдындағы борышын өтеуге шақырылады. Әскерге 18 бен 27 жасқа дейінгі ер-азаматтар алынады. Сонымен қатар, Қарулы күштер, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі сапында мерзімі аяқталған қызметкерлер запасқа жіберіледі.
Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар 2023 жылдың наурыз–маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
