Бүгін «Digital Almaty» халықаралық форумының екінші күні. Айтулы шараға бизнес өкілдері, халықаралық сарапшылар, IT-қоғамдастық өкілдері қатысып жатыр.
Жаңа ғана Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық мәжіліс басталды. Мәжіліске дейін олар цифрлық жобалар көрмесін аралап, мамандардың ұсыныс-пікірін тыңдады.
Айта кетейік, бүгін Digital Almaty Awards IT-сыйлығының иегерлері де анықталады.
