Елде тасуы мүмкін өзендердің 41,2 шақырымында тазарту жұмыстары жүргізілді

Елімізде су тасқынының алдын алу шараларының арқасында жарты млн-нан аса адам тұратын 213 елді мекенде қауіп сейілді.

Жалпы қарғын суға қарсы 3 жылдық жол картасы әзірленіп, екі жылдан бері 78 шара іске асырылды.  2021 жылдан бастап, өзен-сулардың 5,7 шақырымы тереңдетілді. 33,8 шақырым жағалаудың арнасы кеңейтіліп, бекітілді. Тасуы мүмкін өзендердің 41,2 шақырымында тазарту жұмыстары жүргізілді. «Бір бөгет күрделі жөндеуден өтіп, қорғаныс арналары қатайтылды. 4 гидротехникалық нысан құрылысы қолға алынды», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.