Павлодар облысында көше бойын қардан тазарту жұмыстары күшейді

Өйткені 43 елді мекенді су басу қаупі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн күрт жылынып, өзен сулар тасыса, көшедегі қарда жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Мамандар әсіресе Баянауыл мен Ақтоғай аудандары үшін алаңдаулы. Бұл аумақтарда жыл сайын қауіп көбейеді. Су жүретін сай сала мен жоласты су өткелдері де тазартылады. Сонымен қатар Екібастұз төңірегінде Қаныш Сәтбаев атындағы арнаның кейбөліктерін жөндеу мәселесі де көтеріліп отыр.

Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД басшысы:

- Екібастұз өңірінде Қ. Сәтбаев каналының 87 бөгетіндегі 4-ші су торабын жөндеу мәселесі проблемалы күйінде қалып отыр. Су жарып кету жағдайында ар жағында тұрған Шиқылдақ ауылы мен Шідерті елді мекендерін су басу қаупі туғызады.