Семейдегі көпірді жапондар жөндейді

Семейдегі аспалы көпірді жөндеуге жапон мамандары көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысанды тексерген шетелдік инженерлердің айтуынша, көлік өткеліндегі 90 метрлік бағаналарды жалғайтын арқандар тозған. Енді оның сырты суға төзімді материалмен қапталады. Көпірдің асфальт жабындысын да жаңалау керек. Абай облысының әкімдігі қазір стратегиялық нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеп жатыр. Айта кетерлігі, 2000 жылы салынған аспалы көпірге одан кейін жөндеу жүргізілмеген.

Димитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:

- Жақында бізге жапон делегациясы келді. Олар көпірді өздерінің технологияларымен, өздерінің материалдарымен жөндеуге ниет білдіріп отыр. Біз де осыған мүдделіміз. Өйткені бұл нысанды салған солар, көлік өткелін олардан артық ешкім білмейді.

Сондай-ақ...