Қонаев қаласында құрылыс материалдарын шығаратын зауыт қайта іске қосылды

Қонаев қаласында жарты жыл бойы қаңтарылып тұрған құрылыс материалдарын шығаратын зауыт қайта іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Кәсіпорындағы жұмыстың жандануына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі сеп болды. 4 жыл бұрын «Алатау Жарық компаниясы» кәсіпорынды электр желісіне қоспай, кедергі жасаған. Зауыт басшылығы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне арызданады. Сөйтіп, кәсіпорынды бастапқыда іске қосу үшін 300 кВт электр энергиясы берілетін болды. Қазір зауытта алғашқы жұмыстар басталған.

Серік Орымбетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы:

- Біз жергілікті атқарушы органдарды, «АЖК» басшылығын бәрін біріктіріп, осы сұрақты зерделеп, «АЖК»-ға біз бұл мәсесле бойынша болашақта жол бермеуге шақырдық. Өйткені қазіргі кезеңде кәсіпкерлерді қолдау керек. Кәсікерлерді қолдасақ, жұмыс орындары болады.