Ақмола облысындағы ауыл-аймақта құрылыс жанданды

Ақмола облысында құрылыс қарқынды. Бір ғана Жақсы ауданының өзінде соңғы 5 жылда көппәтерлі 3 тұрғын үй пайдалануға берілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 27 пәтерлі тағы бір үй салынып жатыр. Осының арқасында аудандағы баспана кезегінде тұрғандар саны азайып келеді. Бұдан бөлек, биыл тағы бір тұрғын үйдің іргесі қаланады. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, қазынадан қаржысы бөлініп те қойған. Бұл баспаналар ел игілігіне берілсе тағы 27 отбасы қоныс тойын тойлайды.

Дәулет Қосшығұлов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі күні мердігер компания анықталды. Бюджеттік өтінім мақұлданды. Құрылыс осы жылы басталды. Жоба құны – 162 млн теңге. Сонымен қатар жеке инвестициялардың да үлесі басым. Осы жылы шамамен 2 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй жеке инвестиция есебінен салынады.

Сондай-ақ...