Жамбыл обылсында ауыл тұрғындарына қосымша шағын несие беріледі

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыс әкімдіктеріне биыл 52 млрд теңгеден аса қаражат бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық бюджетті нақтылау аясында облыс әкімдері ауыл халқына қосымша 15 мыңдай шағын несие беру үшін 73 млрд теңгеге өтінім жіберген. Бұл жайында Президент сапарында айтылды. Білім ордалары мен құс фабрикасын аралаған соң Қасым-Жомарт Тоқаев Байзақ ауданы Талас ауылында орналасқан «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне ат басын бұрды.