Қарағандыда күйік шалған балаларды жаңа әдіспен емдейді

Қарағандыда күйік шалған балаларды жаңа әдіспен емдей бастады.

Күйген жерге еліміздің ғалымдары ойлап тапқан фибробласты жағады. Фибробласт – жасуша клетка. Зақымданған жерге жаққан кезде адамның клеткасымен тез сіңісіп кетеді. Облыстық ауруханаға күйікпен түскен екі баланы осы әдіспен емдеп жатыр. Фибробластар Астанадан жеткізіліп, минус 86 градуста сақталады. Операция алдында  ерітіп, жарақатқа жағады. Емдеудің бұл әдісі науқастардың тез оңалуына септігін тигізеді, дейді дәрігерлер.

Ехлас Ақмолдаев, облыстық балалар ауруханасы хирургиялық бөлімінің меңгерушісі:

- Емдеу барысына келгенде жаңа метод – фибробластты қолдану ол өзімізде, Қазақстанда жасалатын клеткалар. Көбінесе терең күйікпен түскен науқастарға қолданылады. Олардың жарасы тез жазылады. Бұрынғыдай операция, пластика керек емес. Балалар тез емделіп, тез 7-10 күн ішінде науқас емделіп үйіне шығады.