Соғыс кезінде БҚО арқылы қару тасымалданған жерлерде боздақтардың сүйегі іздестіріледі

Биыл Батыс Қазақстан облысы жерінде қазба жұмыстары жүргізіледі.

Волгоград қаласында өткен кездесуде "Атамның аманаты" қоғамдық ұйымы Ресей іздеушілерімен бірлескен экспедиция туралы келісімге келді. 1941 жылы Сталинград қаласына Шахин, Жанай және Жәнібек теміржол станциялары арқылы азық-түлік пен қару-жарақ тасымалданған. Станцияларды жау бірнеше рет ұшақпен бомбалаған. Осы жерде қаза болған талай боздақтардың есімі әлі күнге дейін анықталмаған. Жалпы жауынгерлерді іздеу туралы 6 мыңнан астам өтініш келіп түскен. 1200 қазақстандықтың есімі анықталыпты.

Райгүл Мұшанова, "Atamnyn Amanaty" ҚҰ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Бізге Волгоград облысынан хабарласқандар да болды. Шамамен 60-қа жуық өтінімнің ішінде 34 адамның тегін анықтадық. Туыстарына олар туралы ақпаратты бердік. Қалған азаматтарды енді волгоградтық әріптестерімізбен іздейміз.

Денис Соловьев,"Наследие" іздеу ұйымының басшысы:

- Іздеу вахтасы 25 сәуірден 7 мамырға дейін жалғасады. Бұл шараға Ресейдің түкпір-түкпірінен Батыс Қазақстан облысына 600 адам келеді. Сарбаздар жерленген тағы бір орын бар. Ол жерде 1941 жылы марқұм болған Қазақстаннан келген сарбаздар бар. Біз сол аймақты да назарға аламыз.