«Ұлттық құндылықтар академиясы» бірлестігінің ғылыми кеңесі өтті

«Ұлттық құндылықтар» деген ұғымның мағынасы жіті зерттеуді қажет етеді.

Бүгінде аталған ойды әркім әртүрлі түсінеді. Осы туралы Алматыда өткен «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің алғашқы ғылыми кеңесінде айтылды. Ғылым мен білім беру саласының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері бас қосқан жиында ұлттық құндылықтарға негізделе отырып, ұрпақты тәрбиелеу мәселесі талқыланды. Жаһандану мен цифрландыру ғасырында аталған құндылығымыз ұлт тәрбиесінің алғышарты болуы керек, дейді зиялылар. Кеңесте екі баяндама жасалды. Бірі «Ұлттық құндылықтар мемлекеттік идеологияның негізі» деп аталса, екіншісі «Қазақ тілі – ұлтымыздың генетикалық коды» тақырыбында болды. Ғалымдардың мақсаты ұлттық құндылықтарды жік-жікке бөліп, ғылыми зерттеулер жүргізу. Нәтижесінде халыққа әсіресе жастарға ұлттық құндылықтың ел дамуындағы рөлі зор екенін түсіндіру. Академия бастамасымен осы мақсатта«Қазақ тілі құндылығы», «Отбасы құндылығы» және «Ел мен жер құндылығы» сынды бірқатар бағыттар айқындалған.

Әділхан Дүйсебек, "Ұлттық құндылықтар академиясы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Біз қазір 10 түрлі құндылықты ашып отырмыз. Сол 10 түрлі құндылықтың маңайында жұмыс істейміз. Оны ғалымдар зерттейді, зерделейді, мән-мағынасын елге түсіндіреді. Сол құндылықтардың ішін аша отырып, сол құндылықтардың барлығын жастардың, жас өспірімдердің жалпы халықтың сана сезіміне дарыту мәселесімен айналысатын боламыз.

Сондай-ақ...