Алматыда «Қазақстан Халық Конгресі» Жалпыұлттық қозғалысының екінші съезі өтті

Бүгін Алматыда «Қазақстан Халық Конгресі» Жалпыұлттық қозғалысының екінші съезі өтті.

Ел аймақтарынан келген бастамашыл топтың мүшелері бағдарламалық құжаттар мен дамудың негізгі бағыттарынталқылады. Съезд аясында «Кеңес» жалпыұлттық пікірталас алаңы өз жұмысын бастады. «Мұнда өзекті мәселелер мен міндеттер ашық, кәсіби түрде талқыланады», - дейді қозғалыс қозғалыс мүшелері. Партиябағдарламасында экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары қамтылған. Олжас Сүлейменов бастаған белсенділер бар тәжірибе мен күш-қуатты азаматтық қоғамды біріктіруге бағыттайтындарын жеткізді. Саяси ұйым бір мандатты округтер бойынша 29 кандидатты ұсынуды жоспарлап отыр. Қозғалыстың ел аймақтарында 20 бөлімшесі белсенді жұмыс істеуде.

Нұрлан Жазылбеков, бастамашыл топтың мүшесі:

- 1700 адам жиналып отыр бүгінгі съезде. Біз үміттенеміз осы съездан кейін екінші тағы съезді өткіземіз да тіркеуге өткіземіз. Алдымызға қойған үлкен мақсаттармыз бар тұрған. Халыққа елге қызмет. Жаңа Қазақстанның алдында тұрған үлкен жұмыстарына атсалысып, бірге жұмыс істеуге дайынбыз.