Түркістан облысыдағы жылыжай иелеріне субсидия беріледі

«Оңтүстіктегі жылыжайларда өндірілген өнімнің 70% қолжетімді бағамен ішкі нарықты қамтуға тиіс. Көкөніс пен жеміс-жидектің басым бөлігі экспортқа емес, өзіміздің тұрғындарға қолжетімді болуы керек».

Бүгін Сарыағаштағы бағбандармен кездескен Үкімет басшысының орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осылай деді. Вице-премьер диқандардың талаптары орындалатынын, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты. Алайда кәсіпкерлер де мемлекеттің ұсынысын ескеруге тиіс. Жиында тараптар талап-тілектерін ортаға салды. Кәсіпкерлер мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие, гектарына субсидия алу және келесі жылы көмір тапшы болмаса екен деген өтінішттерін айтты.. Елордадан келген делегация жеңілдетілген несие алудың заңды тетіктері қаралып жатқанын жеткізді. Ол үшін шаруалар өз кәсібін заңдастыруы керек. Себебі жылыжайлардың 90%-да құжат жоқ.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары сауда және интеграция министрі:

- Гектарлық субсидия болған бізде. Біраз сынға ұшырады. Себебі жер бар, ештеңе екпейді. Ақша келе береді, үкіметтің қалтасынан кете береді. Пайдасы жоқ. Бізге нәтиже керек. Көкөніс керек. Қызанақ, қияр керек. Енді қаражат берсек, біз талап қоямыз. Өнімді ішкі нарыққа сату керек, баға қолжетімді болу керек. Біз бұл шаруаны шешуге дайынбыз.

Сондай-ақ...