Петропавлда қыста даладағы суға түсіп, шынығатындар көбейіп келеді

Петропавлда қыста даладағы суға түсіп, шынығатындар көбейіп келеді

Петропавл қаласында қыста суға түсіп дене шынықтыратындардың қатары көбейіп келеді.

Салауатты өмір салтын ұстанған тұрғындар демалыс күндері Есіл өзеніне жиналып, мұздай ойыққа сүңгуді әдетке айналдырған. Тіпті, далада дастархан жайып, монша жағып жан сергітеді. “Қыстың күні шомылудың өзіндік ләззаты бар”,- дейді жергілікті халық. Ең бастысы денсаулыққа пайдалы. Бүгінгі таңда Петропавлда 50-ден аса адам күннің суығында тұрақты түрде осылай шынығады. Олардың арасында балалар да бар.