Полиция қызметкерлеріне пара беру әрекеті 3 есеге жуық көбейген

Полиция қызметкерлеріне пара беру әрекеті 3 есеге жуық көбейген. Мұны тәртіп сақшыларының өзі айтып отыр.

Елде ішкі істер органдарының қызметкерлерін адалдыққа тексерудің пилоттық жобасы іске қосылды. Ең алдымен халықпен күнделікті байланыста болатын қызметкерлер тексеруден өтті. Яғни патрульдік полиция, ювеналды полиция, көші-қон қызметі, учаскелік полиция пункттері, модульдік және стационарлық бекеттер, фронт-офистер мен кезекші бөлімдер тексерілді. Пилоттық жоба осы кезге дейін Астана, Алматы қалаларының, Қарағанды, Павлодар, Жетісу және Алматы облыстарының полиция департаменттерінде жүзеге асқан.