Президент Екібастұзда температураны тұрақтандыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы пәтерлерде және әлеуметтік нысандарда температураны тұрақтандыруды тапсырды.

Бұл міндет Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа жүктелді. Олар барлық қажетті шараны қабылдауы тиіс. Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға пәрмен берді.