Ақтөбе облысында биыл 12 ауылға газ құбыры тартылады

Жыл соңына дейін 9 мыңнан астам адам көмір тасып, от жағу бейнетінен арылады.

Ауыл ішіндегі желілерді қоса есепке алғанда, 549 шақырым құбыр жүргізіледі. Бұл мақсатқа бюджеттен 13 млрд теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек облыс орталығына дейін «Бұқара-Орал» магистральдық газ құбырынан үшінші желі құрылысы  басталады. Бұл Ақтөбе қаласы мен іргелес елдімекендерді көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажет.

Самат Лепесов, Облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл жобаның қазір жобалық-сметалық құжаттары реттеліп, мердігер анықталып жатыр. 2023 жылға бюджеттен 4 млрд 900 млн теңге қаржы бөлінеді. Жалпы құны 43 млрд 400 млн теңге.