ШҚО-да қазақ тілін үйрететін курс ашылды

«Кел,сөйлесейік» Өскеменде дәл осындай атаумен қазақ тілін үйрететін курс ашылды.

Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл бастама мемлекеттік тілді меңгергісі келген азаматтардың басын қоспақ. Ең бастысы ол тегін әрі ерекше методикалық тәсілдермен өткізіледі. Әзірге шаһардың әр бөлігінде 15 шақты үйірме жұмыс істеп тұр. Оған қатысып тіл үйреніп талпынып жатқандар да көп.

«Кел сөйлесейік» курсының ең басты кеңсесі О. Бөкей атындағы кітапханада. Бұл жерге 25-30 адам келеді. Солардың бірі Галина Колмакова. Осыған дейін қазақ тілін қайтсем меңгерем деп талай курсқа жүгініпті. Алайда нәтиже болмаған. Ал «Кел сөйлесейік» жобасы басталғалы екі айдың ішінде көп-көрім тіл сындырып қалыпты.

Галина Колмакова, курсқа қатысушы:

- Мен 64 жастамын.Мен қазақша курсқа барамын. Осы жерде бір жыл оқып қана қоймай ары қарай да жалғастырсам деген ойым бар.Жетекшіміз керемет. Өте қызықты тапсырмалар береді. Сондықтан осы бастама аяқ асты тоқтап қалмаса екен. Осылай оқи берсек болашақта қазақша сахналық қойылымдарға қатысып, ән де шырқап, әңгіме де айта алатыныма сенемін.

Курстың кереметтігі –методикасында. Басты мақсат тілге жеңіл,қабылдауға оңай, ауыз екі сөздерді үйрету. Надежда Шушаникова ұстаз ретінде бекер таңдалған жоқ. Тәжірибесі 20 жыл. Сондықтан бірден қатысушылардың ойынан шықты. Өйткені сабақты топ ұсынысына қарай жүргізеді.

Надежда Шушаникова, педагог:

- Грамматиканы азырақ,фразалар бойынша күнделікті өмірде қажетті фразалар бойынша,мысалы дүкенге барып сауда жасау, ХҚО жеке куәлік ауыстыр, төлқұжат алу, деген сияқты. Құттықтау деген сияқты, көп сұрайды.

Әзірге мұндай үйірмелер 15 жерде жұмыс істеп тұр.Енді ірі кәсіпорындар мен сауда үйлерінен ашу туралы өтініштер де ескерілмек.Сондықтан алдағы уақытта ұтымды әдістемелік тәсілдермен жұмыс істейтін мұғалімдерге сұраныс артпақ.

Қалқаман Сарин, Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Әрине бұл жалғасады.Өйткені біз мұғалімдердің өзін осында байқау арқылы аламыз яғни әр мұғалім әдістемелік жоспаармен келсе, қызығушылық танытып,оқушылар тарапынан қызығушылық танытып, түрлі жоспармен келсе. Енді бұның жалғасы болатынына әкімдік тарапынан қаржы бөлініп отыр.

Бүгінгі күні «Кел сөйлесейік курсына қатысушылар саны» 300 адамға жуықтап қалды. Оның арасында балалар да  көп. Мәселен  Ресейден келген Полина Миллер курстың бір сабағынан да қалған емес.

Полина Миллер, оқушы:

- Қазақстанға жақында ғана келдім.Өте ұнады. Көп достарым бар.Сондықтан енді қазақ тілінде еркін сөйлегім келеді.

Бастапқыда жобаға 3 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Өйткені интерактивті тақта, аудио-видео техника сынды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп,қолайлы жағдай қалыптастыру маңызды. Демек, курс жұмысы әлі де жетілдіріледі.

Авторлалы: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов, Дмитрий Пыхтин

Сондай-ақ...