Қызылорда облысында жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қызылорда-Павлодар-Успенка» автодәлізінің биыл 140 шақырымына асфальт төсеу жоспарланып отыр. Ол Қызылорда облысы аумағын қамтиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал күре жолдың «Қызылорда-Жезқазған» аралығындағы құрлысы былтыр жазда басталған. Қазір жолдың төменгі қабаттарын төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін 200 шақырым жердегі Шалқия кенішінен қиыршық тас жеткізіліп жатыр.

Айта кетейік, «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автожолының облыс аумағындағы 14 шақырымы бірінші, 204 шақырымы екінші санатты жол болады. Бұл жобаны 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

Марат Махамбетов, «ҚазАвтоЖол» ҰК департаментінің директоры:

- Көктем бұл өңірде ерте басталады. Көктем ерте басталған кезде тоқтамай асфальт жұмыстарын бастап кету керек. Былтыр жер жұмыстары істелінді. Биыл жоспар бойынша 2014 шақырым болса, соның 140 шақырымына асфальт жамылғысын беріп, көлік жүрісін береміз деген мақсатта отырмыз.