Жезқазғандық балықшылар мұз астынан балық аулау бойынша сайысқа түсті

Биыл дәстүрлі шараға қатысушылардың қатары 150-ден асып жығылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымдастырушылар балық аулауға ынтасы мен қолының ебі бар қарапайым азаматтарға да мүмкіндік берді. Сайыстың шарты бойынша әр қатысушыға бір ғана қармақ пен жалғыз ғана ойық оюға рұқсат берілді. Шыдымдылықты қажет ететін жарыста әуесқой балықшылар ептіліктерін дәлелдей білді. Үздік шыққандарға жыл бойы балық аулауға тегін жолдама берілді.

Саят Әжібаев, әуесқой балықшы:                                       

- Балық аулаған енді адамға демалыс қой бір мезгіл. Бір мезгіл үйдің жұмысынан демалып, дала, таза ауа. Осындай жарыстар керек. Мынау халықтың басын біріктіріп, жастарға жақсы тәрбие.