ШҚО-да 100 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысында 100 мың гектардан астам жер ауыл шаруашылығы саласына қайтарылды.

Биыл тағы 62 мың гектар алқапты алу көзделіп отыр. Осылайша өлкеде не өзі пайдасын көрмей, не өзгеге бұйырмай жатқан жер учаскелерін анықтау жұмыстары қолға алынды. Мобильді топ елді мекендердің шекарасы бойынша мәліметтерді сәйкестендіріп жатыр. Кешенді тексеру нәтижесінде Глубокое ауданындағы шаруаларға жайылымдық жер де табылды.

Надежда Михейлис, облыстық жер қатынастары бойынша басқарма басшысы:

- Негізінен 62 мың гектар ​ жайылым жетпейді. Дегенмен​, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару, елді мекендер аумағын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Сондықтан кейбір ауыл-аймақтарда жайылымдық жер артады деген жоспар бар.