Шығыста төтенше жағдай қызметі күшейтілген тәртіпке көшті

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген тәртіпке көшті. Соңғы күндері жауған қардың қалыңдығы кей аудандарда 1 метрге жетті. Қарғын су басуы мүмкін деген 71 елді мекен анықталып отыр.

Эльмира Ахметова, тілші:

Дұрыс айтасыз осыдан бес жыл бұрынғы жойқын тасқынды бұл өңір әлі ұмытқан жоқ.Ол кезде бір-бір жарым метрге дейін жер тоңы жүріп кеткен еді.Биыл енді соншалықты болмаса да қар қалың.Қауіп көп. Оның үстіне күн де жылынып келе жатқандай.Жауапты мамандардың тыпырлап жатқаны да содан болар.Мінеки дәл қазіргі дей жұмыстар қала ішінде де, қала сыртында да жүріп жатыр. Арықтарды тазалап, өзен арналарын аршу.

10 ақпаннан кейін аймақтағы қауіпті учаскелерді, әуеден бақылау жұмыстары басталатын болады. Өзендерде мұз көбесін сөгу шараларын бастайтын уақыт та жақындап қалды. Өйткені өлкеде жоғарыда айтқандай 70ден астам елді мекен қауіп көзінде тұр. Таулы аудандарда жағдай күрделі деуге әбден негіз бар. Мәселен, Қатон-Қарағай, Алтай аудандарында қар тіпті көп. ​ Алтай ауданында тіпті кейбір жерде ұлпа қалыңдығы 1 метрден асып кеткен. Қарқынды ерісе қауіп деген сол.Мұнда Малеевск,Средигорное Чапаев ауылдары басты назарда екен. Айтпақшы мұндағы гидростанцияларда тәуліктік кезекшілік басталыпты. Дегенмен, мамандар бұл жақта жер тоңы 28 см ғана деп сендіріп отыр. Енді тасқын болуы мүмкін аймақтар арасында Өскемен де​ бар. Шаһар таудың ортасында ойпатта тұр. Өзен бұлақтар да көп.

Сондықтан қазр басты міндет арықтар мен су көзін ашу екен. Мен ​ қала әкімінің бас инспекторы Қаныш Мұқажановпен сұхбаттасақ деп тұрмын.

- Өскеменнің әсіресе қай аудандары бөліктері​ қарғын су астында қалуы ықтимал? Не шара жасап жатырсыздар,жаңа арық қазыпсыздар ол не үшін Жалпы сіз талай рет тасқынға куә болдыңыз,биыл бір болжамыңыз бар ма? 

Қаныш Мұқажанов, Өскемен қаласы әкімінің бас инспекторы:

​ - 11 участокте қауіп бар.ол Согра, Ахмер, Меновное, каменный карьер, Гавань сынды шеткері аймақтар. Алдымен міне көргендеріңіздей арық жолдарын аршып,су көздерін мұздан​ босатып жатырмыз, Инертті материалдар жеткілікті. Техника? Болжам қандай талай тасқынға куә болдым ғой, енді байқауымша, жер тоңы терең емес биыл Өскеменннің аумағында​ 41 см ғана Сондықтан бәрі сәтімен өтер деп ойлаймын.

- Енді апат айтып келмейді ғой,эвакуацияға қаншалықты дайын салалық​ мекемелер?

Ондай да әзірлік бар екен.Облыста тасқын бола қалған жағдпайда 68 уақытша көшіру пункті жасақталыпты.

Сонымен қатар жалпы облыс аумағында қар шығару шаралары жиі​ тіпті күндіз түні жүріп жатыр десек те болады. Осы күнге дейін 200 мың текше метерден аса ұлпа қала ауыл ішінен тасып шығарылды. Өлкеде ТЖД жеке құрамынан 1719 маман, 750 техника 2 мың тонна инертті материал әзір екен.

Бұл сақтық шаруалары бұдан әрі де Күшейеді. Өйткені ақпан жауын шашынды болады деген болжам бар. Оның үстіне​ осы ай бойы қатты бір аяз да жоқ. Бұл қауіпті күшейтпесе сейлітпейді. Демек, дәл сақадай сай отыратын кез.