Былтыр елде 15 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

Былтыр елде 15 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

Бұл туралы бүгін үкіметте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев хабарлады.

Оның айтуынша, бұл салаға құйылған инвестиция көлемі шамамен 17 процентке артып, 3 миллиард теңгеге жуықтап қалды. Әсіресе Астана мен Алматы қалаларында құрылыс жоспары жоғары деңгейде орындалып жатыр. Ал Ұлытау, Солтүстік Қазақстан мен Атырау өңірлеріндегі көрсеткіштер көңіл көншітпей тұр. Биыл да баспана мәселесін шешуге қомақты қаражат бөлінбек. Атап айтқанда, Қазақстандық тұрғын үй, компания есебінен несиеге берілетін 12 мыңнан астам пәтер салынады. Жеңілдікпен 2 мыңнан астам займ беру де жоспарда бар. Үй аулға кезекте тұрған 69 мың азаматқа сомасы 43 миллиард теңгеге тең субсидия бөлінбеді. Сонымен қатар Отбасы банкін 103,5 миллиард теңгеге қосымша қаржыландыру қажет болып тұр, деді Марат Қарабаев.