Павлодар облысында су басуы ықтимал елді мекендер анықталды

Павлодар облысында су басуы ықтимал 43 елді мекен анықталды.

Қауіпті аймақта екі мыңдай тұрғын үй, он мыңнан астам халық  бар. Қазір  көктемгі су тасқынына дайындық барысы пысықталып  жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті кешенді іс-шаралар жоспарын бекіткен.  Бүгінгі таңда  600  техника, 42 жүзу құралы және 200 –ден  астам мотопомпа дайын. Күн күрт жылынып, қар жаппай еріген  жағдайда  1 мың 700 адам шұғыл  көмекке  сақадай сай тұр. Ал елді мекендердің аумағынан шығарылған қардың көлемі 1 миллион текше метрден асып кеткен. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті көктемгі су тасқының алдын алу іс-шараларын жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп атқарады.  

Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД басшысы:

- Жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен 34 мың данадан астам қаптар, 6573 тонна инертті материал бар, 105 тонна жанар-жағармай қоры дайындалды. Енді тамақтануға және жылу беруге бізде зардап шеккен халық болып жатса оларға 99 орын әзірлеп қойдық және жарылыс жұмыстарына 7 ниет білдіру шарттары жасалды.