Т. Дүйсенова: Такси қызметі қымбаттамайды

Такси жүргізушілері сияқты онлайн платформа арқылы нәпақасын тауып жүргендерге әлеуметтік төлем аударылады.

Бірақ бұл көрсетілетін қызмет ақысына әсер етпейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамар Дүйсенова сенатта осыған қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, жүргізушілер онсыз да арадағы делдал-операторға комиссия төлейді. Қазынаға аударылатын салық пен әлеуметтік төлем сол комиссияның есебінен алынады. Яғни, такси жүргізушілері қосымша шығын шығармайды. Бұл механизм онлайн платформамен жасалған келісімшарт аясында іске аспақ. Министр бұл аптада таксистер қауымдастығымен кездесіп,  мән-жайды тағы да түсіндіретінін жеткізді.

Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Екінші мәселе, тіркелу үшін қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ.  Олар өзара жарияшарт жасасқан, соның өзі жеткілікті. Сонымен, тіркелуге қосымша құжат тапсырылмайды. Онлайн платформаның жұмысшыларынан қосымша ақша алынбайды.