Алматының «Оңтүстік» саябағы абаттандырылады

Алматының Бостандық ауданындағы «Оңтүстік» саябағы абаттандырылады.

Қазір бұл бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Құжат дайындалған соң қоғамдық талқыға шығарылады. Бұл туралы Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары айтты. Жақында осы саябақтың жекеменшікке өтіп кеткен бір бөлігі сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Айта кетейік, 2007 жылы саябақтың 2,8 гектары Turkuaz Invest компаниясына сатылып кеткен еді. Аталған аумаққа көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып, құрылыс жобасын сол кездегі Қала құрылысы кеңесі бекіткен. Алайда, тұрғындардың наразылығына байланысты Алматы әкімдігі жер телімін меншік иесінен қайта сатып алып, нәтижесінде саябақтың көлемі 17 гектарға ұлеайды.

Айта кетейік, қазір қалалық Жер қатынастары басқармасы 12 жер телімін қала меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде.

Мұрат Жариев, қала тұрғыны:

- Күніге мен осы жерде 3-4 сағат 5-6 километр жүремін. Денсаулығыма жақсы. Балалр ойнайды осы жерде. Осы районның бәріне бір-ақ парк қой. Үлкен жақсы.

Ерлан Жармұханбетов, Алматы қ. жер қатынастары басқарма басшысы орынбасарының м. а:

- Оңтүстік саябақ бойынша процесс бізде бір жыл уақытқа созылды. Біз берген бағаға келіспеді. Келіспегендіктен біз сотқа шағым жасадық. Соттың шешімімен қазіргі таңда біз сатып алдық ол жерді. біздің бағалаған бағамыз бойынша 2,2 млрд теңге болатын. Соттың экспертиза жасағанына байланысты 2,3 миллиардқа көбейді.