Жамбыл облысындағы Президент резиденциясы балаларға беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Жамбыл облысындағы президент резиденциясы балалар игіліне берілетін болды.

Ғимаратты күтіп ұстауға бір жылда 50 млн теңгеге жуық ақша жұмсалады. Бұл шығындар облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы тарапынан қаржыландырылады. Алып кешеннің әзірге нақты қандай мекеме болары белгісіз. Облыс билігі бұл мақсатта арнайы топ құрып зерделеуді бастап кетті. Резиденция шаһардан 15 шақырым жерде орналасқан.

Еркін Үйсінбаев, облыс әкімінің орынбасары

- Президенттің тапсырмасына сәйкес, біз облысқа қарасты нысанға арнайы балаларға мекеме ашатын боламыз. Қазіргі уақытта зеределеу тобы құрылды білім басқармасы негізінде. Сол  зерделеу тобы  барлық жағдайды көріп, нысанды аралап, біз мүгедек балаларға береміз ба, санаторийге береміз ба, жазғы лагерге береміз ба, ол бойынша нақты шешім қабылданатын болады.