Қызылорда облысында құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Қызылорда облысының Сырдария ауданында биыл құрылыс саласы бойынша 45 жоба жүзеге асады.

Оның жалпы құны 7,7 млрд теңгені құрап отыр. Қомақты қаржы есебінен аудандағы ішкі жолдардың 28 шақырымы асфальтталмақ. Тұрғындар үшін маңызды «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» бағытындағы және «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» автожолы жөнделеді. Сонымен қатар Бесарық ауылындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталып, Асқар Тоқмағамбетов пен Қалжан Ахун елді мекеніндегі екі дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтеді. Қайта жаңғыртылатын әлеуметтік маңызды нысандар қатарында аудан орталығындағы спорт клубы да бар. 

Абзал Көшмырзаев, Сырдария аудандық құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- Спорт клубы ақшасы бөлініп тұр. Спорт клубы бойынша күрделі жөндеу толық жөнделеді. Ауыстыратын инженерлік сетттері бар, ескірген тоқ, су, канализация деген сияқты сол жұмыстар толық ауыстырылады.