Қызылордада қариялар қан тапсырды

Қызылордада 70-80 жастағы бір топ қария ерікті түрде қан тапсырды.

Олар жастарға үлгі болу үшін осындай игі іске жұмылыпты. Мамандардың айтуынша, Сыр өңірінде тұрақты түрде қан тапсырып тұратындар көбейген. 18 жастан асқандарға донор болуға шектеу жоқ. «Қан тапсыру денсаулыққа пайдалы», -дейді мамандар.  Қан қысымы, инсульт, инфарк секілді дертердің алдын алады. «Сондықтан 3 ай сайын қан тапсырып, сауапты істі жүйелі жалғастыруды көздеп отырмыз», - дейді қариялар. 

Айта кетейік, бүгінде өңірде 10 мың донацияға арналған жаңа қан орталығының құрылысы жүріп жатыр. Оны 2025 жылға дейін іске қосу жоспарланған.  

Әбдіғапбар Әмірғалиев, қала тұрғыны:

- Донор болу өмірге үміт келтіру,-дейді. Сондай қиналып жатқан кезде сенің бір тамшы қаның біреуге ем болып, көмек болып, өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Сәбит Пазылов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Егер 2021 жылы 6100-дей адам донор болатын болса, осы 2022 жылы оның саны 6300-ден асып, осы соңғы жылда 2,8 пайызға донор болудың өсімділігі бар.