Зейнетақы активтерін шетелдік компанияларға басқаруға беру қажет. Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова осындай ұсыныс айтты.
Қаржыгер "бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық саясатын жетілдіру мақсатында бірқатар өзгерістер керек дейді. Атап айтқанда салымшыларға зейнетақы жинақтарының 50%-не дейін, өз еркімен жеке басқаруға беруін құптап отыр. Қазір мұндай мүмкіндікті тек жеткіліктілік шегі бар адамдар ғана пайдалана алады.
Айта кету керек, қазақстандықтар бұған дейін жинағындағы 3,5 трлн теңгені түрлі мақсатқа жұмсаған. Оның 319 млрд теңгесін ем-домға бағыттады.
Әлия Молдабекова, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
- Біз Ұлттық банк ретінде алтын-валюта резервтерінің, Ұлттық қордың активтерін басқара отырып, шетелде орналасқан жеке басқарушы компанияларды тартамыз. Яғни, біз салымшыларымыз үшін де осындай мүмкіндікті қарастыруды ұсынамыз. Аталған ұсыныстарды сарапшылар қауымдастығы бірнеше рет талқылап оң шешім екендігін айтты.