Қарағанды облысында полицейге пара беру фактісі бойынша іс қозғалды

Қарағанды облысында патрульдік полицейге пара беру фактісі бойынша іс қозғалды.

Ереже бұзған жүргізуші хаттама толтыр-мауды өтініп, тәртіп сақшысына пара ұсынған. Осыған ұқсас жағдай Шет ауданында да болды. Онда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші, патруль қызметкеріне ақша бергісі келген. Қазір жемқорлық фактісінің жолын кесу бойынша тергеу жүріп жатыр. Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, цифрлық технологияларды қолдану полицейлер жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуе-келдерін азайтуда. Бүгінде елдегі барлық патрульдік қызметкер жеке бейне-жетонмен жабдықталған. Ал Астана, Алматы, Петропавл қалаларында смарт-жетондар қолданыла бастады. Оның артықшылығы полицей бейне және дыбыс жазбасын өз бетінше өшіре алмайды. Жағдайды қашықтан онлайн режимінде көруге болады.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Қазірдің өзінде жол жүрісі қағидаларын бұзудың 60% автоматты режимде анықталады. Ал Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бұл көрсеткіш одан да жоғары – 86%. Ол үшін ел бойынша 18 мыңнан астам стационарлық камера қолданылады. Қала сыртындағы жолдарды бақылауды патрульдік автокөліктерде орнатылған автоматты бағдарламалық кешендер жүргізеді. Бүгінгі таңда бүкіл Қазақстан бойынша осындай 60 жылжымалы құрылғы жұмыс істейді.