Түркиядағы апаттан елге аман оралғандар сұхбат берді

Жер сілкінісі кезінде Жерорта теңізінің су деңгейі көтеріліп кетті.

Түркияның Мерсин қаласында теңіз жағасында тұрған студенттер осылай деді. Табиғи апттан аман қалып, елге оралған отандастарымыз біздің арнамызға сұхбат беріп, бауырлас елдегі соңғы күндері болған жағдайды сипаттады.

Бұл Түркияның Мерсин қаласындағы жер сілкінісінен кейінгі кадрлар. Табиғи апат таңғы сағат 4 шамасында болған. Видеода Қазақстандық студенттер тұрған жатақхана қабырғалары қирағанын байқауға болады. Алапат жер сілкінісінен аман қалып, алғашқылардың бірі болып елге оралған Айдана Мажитова. Біздің арнаға берген сұхбатында студент жан түршігерлік жағдайда қалай әрекет еткенін айтып берді.

Айдана Мажитова, Түркиядан келген студент:

- Негізі жер сілкінісі Түркияда осы Газиантеп, Мармарис деген қалаларда басталған. Олар бізден жақын жерде орналасқан. Содан соң Мерсинге келген кезде сағат 4:40 болған шығар. Барлық студенттер ұйықтап жатыр ол кезде. Мен білмеймін. Ұйқылы ояу болдым. Сол кезде қараймын, төсегім өзімен өзі шайқала бастайды. Басында оны ешкім не екенін түсінбеді. Бәрі бір біріне қарап. Сосын барлығымыз астыға жүгіріп түстік.

6 баллдық жер сілкінісі Мерсинде түске қарай тағы да қайталанған. Жағдайдың ушыққанына алаңдаған олар бірден Қазақстан елшілігімен байланысқа шығып, көмек сұраған. 

Айдана Мажитова, Түркиядан келген студент:

- Біз қорқып кетіп ата-анама звондадым. Біз білмедік не күтетінін. Біздің жарларымыз құлап жатыр. Ана елшіліктердің нөмірін жіберді. Мен бір 5-6 сағат отырған шығармын консулдармен сөйлесіп. Өте қиын болды. Бәрі далада жүр. Мен олармен сөйлесіп жүрмін. Қандай көмек керегін сұрады. Ол үй немесе автобус беремін деді. Сосын мен айттым Қазақстанға көбісі қайтқысы келіп отыр. Сосын қауіпті болды біздің үйлерде тұру. Группаға қосылған адам саны 100 болған осы группаны ашқан мен, посольствомен сөйлескен осы мен. Соңында 19 бала болып шықтық.

ҚР СІМ: студенттердің көбі табылды

Түркиядағы біздің консулдық 1200-дей Қазақстан азаматын есепке алды. Бірақ Түрік тарапының берген ақпаратына сәйкес ол жақта  75 мыңдай қазақстандық тұрады. 

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің  ресми өкілі:

- Студенттеріміздің көбі табылды. Олармен байланыс орнатылып, бәразы сол Түркияда қаламыз деп шешім қабылдады. Бәразы Қазақстанға қайтып жатыр. Әрине көбінде сұрақ туындап жатыр қалай барсақ, қалай қайтсақ деген. Түркияның аэрапорттары жұмыс істеп жатыр. Стамбул, Анталья, Анкара болсын. Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы әлі жалғасуда. Сондықтан туған туыстарыңызға билет алып, елге шақырып алсаңыздар болады.  

Қазақстан құтқарушылары бірінші күннен бастап Ибрахим Или ауданында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің тағы бір арнайы борты бауырлас елге көмек беру үшін ұшып кетті. 101 қазақстандық құтқарушы Түркия аумағында қызмет етеді. 

Руслан Иманқұлов, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі:

- Түркияға келген қазақстандық құтқарушылар екі топқа бөлінді. Күрделілігі ең жоғары объектілерге бекітілген болатын. Өткен тәулікте бірінші топ 6 қабатты үйді зерттеді. Құтқарушылар ең бір қиын жағдайда жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңдағы бар ақпарат бойынша осы бірінші объектіде үш адам табылды үйдің астынан. Үшеуі де әйелдің денесі. Тіріс емес өкінішке орай. Құтқарушыларымыз екінші объектіде де жұмыс ітеп жатыр. Ол толығымен қираған 9 қабатты екі үй. Ең бір қуанышты жағдай сол объектіде бір тірі адам табылды. 

Түркияның астанадағы елшілігі арнайы есепшот ашып, ақша жинайтын болды. Әуе жолдарымен жүк жеткізу көп уақыт алады, сондықтан Сыртқы істер министрлігі қол ұшын созам деген азаматтарды қаржылай жәрдемдесуге шақырды.

Ғазиза Мұхамеджанова, Ерлан Наурызбаев